Все тренинги Казахстана
Добавь тренинг
Найди тренинг для себя
Психосоматикалық  өзгерістерге психологиялық  түзету  жүргізу

Психосоматикалық өзгерістерге психологиялық түзету

Звоните: +7 /7252/21 01 93 +7 705 855 52 67

2213

начало через
Психосоматикалық  өзгерістерге психологиялық  түзету  жүргізу
 
Психосоматикалық  өзгерістерге психологиялық  түзету  жүргізу
 
Психосоматикалық өзгерістерге психологиялық түзету жүргізу - Шымкент қ. 13-14 маусым 2015 ж. (10.00-18.00с.). Осы тақырыпта өтілетін ұзақ мерзімді, 5 модульден тұратын /әр модуль 1,5 -2айда болатын және әрқайсысы 20 сағаттан тұратын/ оқу курсына шақырады. Психосоматика- адамның ішкі дүниесіндегі күйзелістері мен оның адам ағзасына тигізетін әсерін зерттейтін медициналық сала. Ауырған адам денесіндегі ауру белгілерін, әлсіздігі мен қиналыстары туралы айтады да,ішкі күйзелістері, уайым- қайғысы туралы айта бермейді. Көптеген аурулар жүйке жүйесінің шаршауынан, қақтығысты жағдайлардың адам ағзасына әсер етуінің салдарынан туындайды. Адамның өмірінде белгілі бір дағдарыстың болуына байланысты ашу-ыза, реніш, уайым-қайғы болғанда адам әр түрлі ауруларға душар болады. Уайым күшейсе, ауру белгісі де күшейе түседі. Ауруды медициналық жолмен емдеуге болады, ал психологиялық себебін тауып емдеу оның сауығуына көптен-көп көмегін тигізеді. Мұнда әлеуметтік-психологиялық жағдайларға байланысты пайда болған әр түрлі психосоматикалық аурулар, адам ағзасы қызметінің бұзылу себептері туралы мәселелер қарастырылады. Бұл бағдарлама психологтарға, дәрігерлерге, өзінің денсаулығын жақсартқысы келетін кез-келген адамға арналады. Мұнда психосоматикалық өзгерістерге зерттеу жасап, себебін анықтап, оған түзету жұмыстарын жүргізуге болады.
 
Тренинг мазмұны: *Психосоматикаға анықтама беру. *Психосоматикалық өзгерістерге диагностика жасаудың әр түрлі әдістері. *Нысанадағы орган. *Психосоматиканың себептері және оның салдарымен жұмыс. *Адам ағзасының ауруды білдіру жолдары. *Психосоматикалық өзгерістерге психокоррекция жасаудың әр түрлі әдістері. Оқу соңынан «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХОТЕРАПИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ» сертификаты беріледі.
 
Бағдарламаны жүргізетін маман: Нурпейсова Ләззат Қалхабекқызы - ҚР Білім беру ісінің үздігі, Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институтының аккредитациядан өткен тренері (кәсіби деңгей), жоғары санатты психолог, тәжірибелі психолог, психодрама, арт- терапия, дағдарысқа ұшырағандарға көмек, коучинг, денені бағдарлау психотерапиясы, психосоматикалық өзгерістерге түзету жасау, гештальт-терапия және т.б. психотерапиялық салалардың маманы.
 
Бағасы: 30 000 тенге.

Опубликованно: 6-03-2015, 08:24

Дата начала 13.06.2015 года, в 10:00
Продолжительность 2 дня с 10 до 18 часов
Место проведения Шымкент, ул. Желтоксан 17А, офис 31
Телефоны +7 /7252/21 01 93
+7 705 855 52 67
Стоимость тренинга 30000 тенге
Специальная скидка 0
Тренер Нурпейсова Ляззат Калхабеккызы

ВСЕГО КОММЕНТАРИЕВ (0)

Мы принимаем онлайн оплату Visa, Master Card:

Платежи Гарантии безопасности Конфиденциальность Реквизиты
О нашем портале Аренда оборудования Тренинговым компаниям Реклама Google Plus Facebook Vsetreningi Twitter Vsetreningi Vkontakte Vsetreningi Мой мир Vsetreningi LiveJournal Vsetreningi Однокассники Vsetreningi
Условия использования Политика конфиденциальности Написать нам письмо Контакты VseTreningi.KZ © 2016